28 Наурыз, Бейсенбі

Жаңалықтар

Беделді шетел университеттерінің филиалдарын ашу жұмысын бастап кеттік - Асхат Аймағамбетов


«Президенттің 2025 жылға қарай шетелдік 5 ЖОО-ның филиалын ашу тапсырмасы бойынша біз беделді шетел университеттерінің филиалдарын ашу жұмысын бастап кеттік. Қазіргі уақытта «DE MONTFORT» Ұлыбританияның университеті филиалы жұмысын істей бастады. Халықаралық үлгідегі диплом беріледі. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Аrizona» университетіне сенімгерлік басқаруға беру туралы мәселе қарастыруда. Қазіргі уақытта «Arizona» университетімен меморандум жасадық. Бұдан басқа, еліміздің батыс өңірлерінде 2 жетекші шетелдік техникалық университетінің филиалдары ашылатын болады.

Техникалық бағыттар бойынша Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша келіссөздерді бастадық, қазір жүргізіп жатырмыз, және арнайы үкіметаралық келісімді дайындадық»,- ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Үкімет отырысында.

@Qazaqstantv